Мы в социальных сетях:



  Республикалық жоғары оқу орындарыаралық кітапхана
құру туралы
МЕМОРАНДУМ
 
 Алматы қаласы                                                                 «22»  сәуір 2009 ж.                
 
Осы Меморандум Республикалық Жоғары оқу орындар және Білім және ғылым министрлігі, Жоғары оқу орындар Қауымдастығы және ҚазРЕНА Қауымдастығы мен Жарғы негізінде әрекет ететін өкілі «Қазақ-Қытай» (Қызылорда қ.) институтының ректоры К.А. Нұрәлиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент арасында қол қойылды.
 
I. МЕМОРАНДУМНЫҢ МАҚСАТЫ
 
Осы Меморандум қатысушылардың Республиканың электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру – Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана (РЖООЭК) – профессор-мұғалімдер құрамын, студент, бакалавриат, магистранттарды  заманауи ақпараттық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсаты мен ниетін жүзеге асыру үшін бекітілді.
 
II. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
 
  1. БжҒМ өз Бұйрығымен Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана базасына ЖОО  әлеуетінің бірігуіне нормативті-құқықтық қолдау көрсетеді.
 
  1. ҚР ЖОО:
  • Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындар Қауымдастығы мен ҚазРЕНА ұсынған жекеменшік білім беру ресурстар базасында біртұтас технологиямен электрондық кітапхана жасайды;
  • электрондық кітапханаларды толассыз толық мәтінді оқулықтар, оқу құрал, монография, ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік кешендер және т.б.  қамтамасыз етеді;
  • жоғары оқу орындардың әлеуетін біріктіру үшін Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапханаға қажетті шарттарды жасайды.
 
  1. ҚР ЖОО Қауымдастығы
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананы құру бойынша өзара әрекет ету ұстанымдары мен механизмдерін әзірлейді;
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана туралы Ереже жасап шығарады;
  • Жекеменшік электрондық кітапхана құрып және оны үздіксіз толтырып отыруды қамтамасыз етеді;
  • РЖООЭК жұмысын қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
  • Жалпыға мәлім танымал шетелдік университеттер мен  және баспа үйлерінің кітапханалық қорларына қолжетімділік алуға РЖООЭК қатысушыларға қолғабыс көрсетеді.
 
  1. Қазақстанның «КазРЕНА» пайдаланушылар Қауымдастығының ғылым-білім беру компьютерлік жүйесі:
  • ЖОО Қауымдастығы мен е-кітапхана ресурстарын Интернет арқылы технологияларды біртұтас виртуалды корпоративтік жүйеге біріктіреді;
  • РЖООЭК абоненттерін оларға берілген пароль мен логин арқылы үздіксіз қолжетерлікті қамтамасыз етеді.
 
III. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
  1. Тараптар осы Меморандум шеңберіндегі өзара әрекеттестікті жүзеге асыруда тиімділікті қамтамасыз ету үшін өздерінің өкілетті өкілін сайлайды.
  2. Осы Меморандум шеңберінде ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтен түрде жүзеге асырылады.
  3. Тараптар осы Меморандум шеңберінде жүргізіліп жатқан шаралардың орындалу барысы туралы ақпараттармен алмасады.
  4. Тараптардың  екі жақты келісімі бойынша  осы Меморандумға қосымша келісіммен рәсімделген өзгертулер мен толықтыру енгізуге болады.
 
Меморандумға 2009 жылғы «22» сәуірде Шымкент қаласында қол қойылды және осы Меморандум қатысушыларының көпшілігі қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
 
ҚР Білім және ғылым министрі                                       Ж. Түймебаев
 
ҚР ЖОО Қауымдастығы                                                    Р. Алшанов
 
КазРЕНА  Қауымдастығы                                                  Б. Жапаров
 
Қазақ-Қытай институты                                                      К. А. Нұрәлиев
 
 

Жоғары оқу орындар қауымдастық

басқармасының

2009 жылғы 1 тамыз, № 6 қаулысымен

«Бекітілген»

 

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1  Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖООЭК) республикалық жоғары оқу орындардың электрондық білім беру ресурстарын біртұтас ақпараттық жүйеге біріктіру үшін:

  • Профессор-оқытушылар құрамын, студент, магистрант, докторант және білім беру іс-әрекетіндегі басқа қатысушылардың талаптарын қазіргі заманның ақпарат-білім беру ресурстарымен  толық қанағаттандыру;

  • Жоғары оқу орындарыаралық оқу әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік тәртіп кешендерімен, ғылыми мақалаларымен, ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстар) есептерімен алмасу;

  • Қолданушыларға сапалы жаңа қызмет атқаратын машина оқитын үлкен көлем деректер мүмкіндіктерін ұсыну;

  • Толықмәтінді деректер базасын телеқолжетімділік режімінде пайдалану мақсатымен құрылады.

  • Қазақстандық және халықаралық компьютер жүйесін интеграциялау.

 

1.2. 2009 жылы 03 маусымында Білім және ғылым министрі Ж.К. Түймебаевтың № 260 Бұйрығымен жоғары оқу орындары ректорлары қол қойған Меморандум РЖООЭК құрудың негізі болып табылады.  

1.3. РЖООЭК заңды тұлға болып саналады, «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу Орындарының Қауымдастығы» заңды тұлға бірлестігі Мекеменің Құрылтайшысы болып табылады. РЖООЭК – ЖОО, колледж, лицей, орта мектептердің барлық кітапханаларына ашық.

1.4.РЖООЭК Мекеменің басқару және бақылау органдары:  Жоғарғы орган –Құрылтайшы, атқарушы орган – директор,   оған жүктелген функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады және Құрылтайшыға есеп береді.

1.5 РЖООЭК электрондық ресурстар қорын кітап және журнал қоры, ҚР ЖОО Қауымдастықпен ЖОО электрондық оқу басылымдары құрайды.

 

2. Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананың қатысушылары

2.1. РЖООЭК қатысушылары ретінде  ҚР БжҒМ, ҚР ЖОО Қауымдастығы, ҚР ЖОО, РЖООЭК мекемесі және Қазақстанның «КазРЕНА» Қауымдастығының ғылым-білім беру компьютерлік жүйесін пайдаланушылары болып табылады.  

2.2. «РЖООЭК» негізгі жұмыс бағытын Құрылтайшы анықтап береді.

2.3. «РЖООЭК» қатысушылары:

        2.3.1. ҚР БжҒМ өз бұйрығымен РЖООЭК ЖОО бірігу әлеуетінің нормативті-құқықтық қолдауын құрады.

        2.3.2. ҚР ЖОО:

  • ҚР ЖОО Қауымдастығы және ҚР «КазРЕНА» Қауымдастық ұсынған бірыңғай технология бойынша өздерінің жеке меншік білім беру ресурстар базасында электрондық кітапхана құрады;

  • Өздерінің электрондық кітапханаларын толықмәтінді оқулықтар, оқу әдебиеттер, монография, ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік тәртіп кешендерімен, т.б. үздіксіз қамтамасыз етеді;

  • ЖОО ақпараттық-білім беру ресурстарын РЖООЭК бірлестіру үшін қажетті жағдай жасайды.

         2.3.3.  ҚР ЖОО Қауымдастығы:

  • «РЖООЭК» мекемесінің жұмыс барысын қадағалайды;

  • «РЖООЭК» мекемесінің жарғысы мен оған енген өзгерістерді мақұлдайды.

         2.3.4. «РЖООЭК» мекемесі:

  • ЖОО РЖООЭК құру бойынша ұстанымдар мен тетіктерінің арақатынасын әзірлейді;

  • РЖООЭК ЖОО-қатысушыларына электрондық кітапхана құру бойынша әдістемелік көмек көрсетіп және оның үздіксіз толықтырылып отыруын қадағалайды;

  • Ақпараттық-іздеу жүйесі мен ортақ электронды каталогты құрады;

  • ҚР ЖОО қауымдастығынан шыққан кітаптармен электронды кітапхананы үздіксіз толықтырып тұрады;

  • Мультимедиялық электрондық кітаптарды жасап, шығарады;

  • Ашық университет құру жөнінде дайындық жұмыстарын жүргізу;

  • КазРЕНА Қауымдастығымен бірігіп жалпыға мәлім танымал шетелдік университеттер мен  және баспа үйлерінің кітапханалық қорларына қолжетімділік алуға РЖООЭК қатысушыларына қолғабыс көрсетеді

  2.3.5. Қазақстандық «КазРЕНА» Қауымдастықтың ғылыми-білім беру компьютерлік жүйесін пайдаланушылары:

  • ҚР ЖОО Қауымдастық және ЖОО электронды кітапханаларының ресурстарын  Ғаламтор технологиялары арқылы біртұтас виртуалдық корпоративтік жүйеге біріктіреді;

  • РЖООЭК абоненттеріне үздіксіз қолжетерлікті қамтамасыз етеді..

 

    3. РЖООЭК жұмысын ұйымдастыру

 

3.1. Жоғары оқу орындары:

3.1.1. ЖОО электрондық кітапханасы әзірлеген сайттарды құрады немесе пайдаланады, оның материалдық-техникалық базасын және бағдарламалық-аппараттық құралдарын: сервер, сканер (кітаптық), компьютерлер, Ғаламторға қосылу және бағдарламалық қамтамасыз ету.  

3.1.2. Бағдарламашылар мен жоба әзірлеушілеріне, жүйетехниктерге ресурстар бөледі, оның ішіне қаржылық ресурстар бөледі.

3.1.3 Бірыңғай талаптар бойынша электрондық каталог әзірлейді. Электрондық каталогқа кітаптар мен ғылыми мақалалар туралы ақпарат, сонымен қатар электрондық кітапханаға енген басқа да ЖОО оқу материалдары кіреді. Электрондық каталогты кітапханалық форматта келтіру ұсынылады. Негізгі параметрлері – тақырыбы, авторлар, кітаптың қысқаша аңдатпасы, ЖОО атауы. 

3.1.4. ҚР ЖОО Қауымдастығының ЖОО электрондық каталогы негізінде Республикалық электрондық каталогты қалыптастырады.

3.1.5. ЖОО-қатысушы өзінің жаңартылған электрондық каталогын дербес айына бір рет барлық ЖОО үшін бекітілген тұрпатта РЖООЭК басты серверіне жібереді.   

3.1.6. РЖООЭК ЖОО-қатысушылары толықмәтінді электрондық кітапхана құрады. Электрондық кітапханаға оқу үрдісіне қажет ЖОО кітап және журнал қордан оқулықтар, оқу құралдар, ғылыми және әдістемелік материалдар және жарыққа шыққан қазақстандық авторлардың мақалалары кіреді. ЖОО электрондық кітапхана кітаптарды, ғылыми журналдарды сканерлеу және электрондық кітаптар енгізу жолдарымен үздіксіз толтырылады.  Электрондық кітапхана қоры ЖОО жеке меншігі болады.

 

3.2. Электрондық ресурстарды іріктеудің жалпы критерийлері болып:

  • Электрондық ресурстың шынайылығы;

  • Оқулық үрдіс пен ғылыми зерттеулер үшін ақпараттың пайдалылығы және маңыздылығы;

  • бөлік пен элемент құрамының толықтығы;

  • қағаз ұқсастығымен сәйкестілігі;

  • электрондық ресурс мәтінінде қателер мен дәлсіздіктің болмауы;

  • қосымша бағдарламалық қамтамасыздандырусыз ақпаратты жаңғырту мүмкіндігі;

  • қажетке қарай автормен келісім шартқа келу.

3.3. РЖООЭК электрондық кітапханаға материалдар PDF, DJVU, HTML және т.б. форматта енгізіледі.  РЖООЭК енгізілетін электрондық құжаттарды библиографиялық сипаттау шеңберінде қолданыстағы халықаралық және республикалық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады: ISBD (ER); библиографиялық жазуларға формат MARC21; Dublin Core.   

3.4. ЖОО жүйелік әкімшілігі немесе Web-бағдарламашылары өздерінің ұсынып  отырған   электрондық кітапханаларының ресурстарына келісілген IP-мекенжай немесе РЖООЭК домендік атынан қолжетімдікке жол ашып және жүйеге реттеу жүргізу керек.

 

        4. РЖООЭК жұмыс тетігі:

Мысалы: Астана қаласындағы абонент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ электрондық кітапханасында бар кітапты РЖООЭК кіріп республикалық электрондық кітапханада керекті кітабын табады. Одан кейін, ІР-мекенжайға кіруге қол жеткізіп, ОҚМУ веб-сайтына кіріп, кітапты пайдаланады.

 

5. РЖООЭК қатысушыларын өзара қарым-қатынасының негізгі ұстанымдары және тетіктері

 

  1. РЖООЭК республикалық  ЖОО электрондық кітапханаларын біріктіреді. РЖООЭК-те ЖОО-қатысушылардың құқықтары тең және оларға қызмет бірдей көрсетіледі.

  2. РЖООЭК құрамына кірген ЖОО-қатысушылар жылдық жарна салады. РЖООЭК жұмыспен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, жарнаның көлемі студенттер мен профессор-оқутушылар құрамына қарай ҚР ЖОО Қауымдастық Басқармасы шешімімен бекітіледі. Жарналар әр тоқсан сайын бірінші айының 5 күніне дейін салынады.  

  3. РЖООЭК қызмет көрсету туралы қатысушылардың өзара қарым қатынас негіздері екі жақты келісім-шарт арқылы бекітіледі:

  •   ЖОО мен ҚР ЖОО Қауымдастық арасында РЖООЭК құрамына кіру және қызмет көрсету;

  •   ҚР ЖОО Қауымдастық және КазРЕНА Қауымдастық арасында РЖООЭК Ғаламтор технологиялар арқылы қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2009 жылғы 3 маусымдағы № 260 Бұйрығы

Республикалық жоғары оқу орындарыаралық кітапхана құру туралы

 

Профессор-мұғалімдер құрамын, студент, магистрант және докторанттарды интерактивтік мультимедийлық білім беру ресурстарымен қамтамасыздандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. Жоғары оқу орындарында (ары қарай – ЖОО) электрондық білім беру ресурсын біріктіру жолдарымен Республикалық жоғары оқу орындараралық электрондық кітапхана құру.

  2. Жоғары оқу орындары ректорлары 2009/2010 оқу жылы басталғанша қолда бар оқулық, оқу құралдары,  электрондық оқу-әдістемелік кешендер, біртұтас компьютерлік бағдарлама бойынша  ақпараттық ресурстар  негізінде толық мәтінді электрондық кітапхана базасын құру.

  3. Жоғары оқу орын және жоғары оқудан кейінгі Департаментіне (Өмірбаев С.М.) Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхана құру жұмысын үйлестіру.

  4. Бұйрықты қадағалау және тексеру вице-министр К.Н. Шәмшідиноваға жүктелсін.

 

Министр                            Ж. Түймебаев

 

 

«Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындары
қауымдастығы» ЗТБ Басқармасының
2014 жылғы «____»_______________
хаттамасымен
 
БЕКІТІЛГЕН


 
«Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана»
 
мекемесінің
 
ЖАРҒЫСЫ

 
1.     Жалпы ережелер.
1.1. Бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын «Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана» мекемесі Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен құрылған және дербестік, өзін-өзі басқару, есептілік, заңдылық және жариялық негізінде іс-әрекет жасайды. Мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады және Жарғыда көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатымен құрылған.
1.2. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес әзірленген.
1.3. Мекеменің ресми атауы мемлекеттік тілде: «Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖООЭК)»,
орыс тілінде:«Республиканская межвузовская электронная библиотека»,
кітапхананың қысқартылған ресми атауы – РМЭБ,
ағылшын тілінде: «The Republican interuniversity electronic library (RIEL)».
1.4. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады.
1.5. Мекеменің қолданыс мерзімі шектелмеген.
1.6. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 16-18, 18а, 714 офис.
 
2. Мекеменің құқықтық мәртебесі
2.1. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлігі бар, дербес теңгермесі, банктік, оның ішінде  шетелдік валютада шоттары бар.
2.2. Мекеменің дөңгелек мөрі, бұрышты мөртаңбасы, фирмалық белгісі және өз атауы заңмен белгіленген тәртіппен тіркелетін үлгілері бар өзге де символикасы болады.
2.3. Мекеме мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап заңды тұлға құқығын алады.
2.4. Мекеме өз іс-әрекеті кезінде кіріс алуды мақсат етпейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.5. Мекеме осы типтегі ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2.6. Мекеме өз міндеттемелері үшін өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
2.7. Мемлекет Мекеменің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Мекеме де мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2.8. Мекеме басқа да қауымдастықтарға және қоғамдарға кіре алады, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар және филиалдар мен өкілдіктер, оның ішінде, шетелде филиалдар мен өкілдіктер құра алады. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалар болып табылады және Мекеме бекітетін Ережелер негізінде іс-әрекет жасайды, Мекемені құру сәтінде филилдары мен өкілдіктері жоқ.
2.9. Мекеме жарғылық мақсат шеңберінде ғана коммерциялық қызметпен айналыса алады.
 
3. Мекеменің құрылтайшылары.
3.1. «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу Орындарының Қауымдастығы» заңды тұлға бірлестігі Мекеменің Құрылтайшысы болып табылады.
3.2. Мекеменің реквизиті: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтбаев көш., 16-18-18а, 712 офис, БИН 020240009122, Банк реквизиттері,  АҚ АТФ банк бөлімшесі Алматы қ., ИИК (р/c): KZ28826А1KZTD2012859, БИК: 190501956ALMNZKA


 
4. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаты.
4.1. Мекеме қызметінің негізгі бағыттары:
4.1.1. Республиканың жоғары оқу орындарының электрондық білім беру ресурстарынан тұратын бірыңғай ақпараттық жүйені жасау:
  • қазіргі заманғы ақпараттық-білім беру ресурстарындағы профессорлық-оқытушылық құрамының, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және басқа да қатысушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру;
  • жоғары оқу орындары арасында оқу әдебиетімен, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен, ғылыми мақалалармен, ҒЗТКӘ есептерімен алмасу;
  • пайдаланушыларға машина оқитын деректердің үлкен көлемімен жұмыс істейтін сапалы жаңа мүмкіндіктерін ұсыну;
  • телеқолжетімділік режімінде толық тестілік дерекқорды ұсыну;
  • Қазақстандық және халықаралық ақпараттық желілерге бірігу. 
 
4.1.2. Электрондық каталогты, дерекқорды қалыптастыру, сондай-ақ, оларға және басқа да отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарға қашықтықтан қолжетімдлікті ұйымдастыру, ақпараттық алмасуға қатысу.
4.1.3. Білім басылымдарының жиынтық электрондық каталогын құру бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының басқа кітапханаларымен корпоративтік ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4.1.4. Қоғамдық пайдалануға кітапханалық-ақпараттық қорды ұсыну, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді және құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастыру.
4.1.5. Электрондық оқу басылымдарын, ғылыми және анықтамалық әдебиетті әзірлеу және шығару.
4.1.6. Ұлттық және халықаралық әріптестермен бірге жобаларды жүзеге асыру.
4.1.7. Білім беру ұйымдары үшін ақпараттық-кітапхана қызметі саласындағы оқыту семинарларын, курстарды, тренингтерді ұйымдастыру және өткізу.
4.1.8. Білім және ғылым аясында халықаралық ұйымдармен бірге халықаралық бағдарламаларға, жобаларға қатысу.
4.1.9. Халықаралық ұйымдармен бірге іс-әрекет бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастық жасау.
4.1.10. Мекеменің Жарғысына сәйкес көрмелерді, конкурстарды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
4.1.11. Шығармашылық және коммерциялық күш-жігерлердің ұйымдасуына Мекеменің мүддесіне сай ықпал ету.
4.2. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған және оған қол жеткізу үшін құрылған мақсаттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметін жүргізуге құқылы.
4.3. Лицензиялауға немесе рұқсаттарды алуға жататын қызмет түрлерін Мекеме белгіленген тәртіппен осындай лицензияларды (рұқсаттарды) алудан кейін ғана жүзеге асыруға құқылы;
4.4. Мекеме жарғылық мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметті жүзеге асыруға құқылы.
 
5.     Мекеменің мүлігін қалыптастыру көздері.
5.1. Мекеменің мүлігі:
5.1.1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен түсімінің;
5.1.2. Ерікті мүліктік жарналар мен қайырылымдықтардың;
5.1.3. Өз шаруашылық қызметінен келетін кірістердің;
5.1.4. Құрылтайшының бір жолғы қайтарымды көмегінің;
5.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздерінің есебінен жасалады.
5.2 Мекеменің меншігінде ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, мүкәммал, теңгедегі, шетелдік валютадағыақша қаражаты, өзге мүліктер, құны Мекеменің теңгермесінде көрсетілетін негізгі және айналым қаражаттары болуы мүмкін.
5.3. Мекеме меншігінде немесе мерзімсіз пайдалануында жер телімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да мүлік болуы мүмкін.
5.4. Мекеменің қаржысына алынған мүлік пен осы мекемеге тиесілі тіркелген мүлікті өз бетінше жоюға немесе басқа да мақсатта пайдалануға құқығы жоқ.
5.5. Мекеме кәсіпкерлікпен айналысуды тек ғана жарғы аясында ғана жүзеге асыра алады.
5.6. Мекеме кәсіпкерлік аясындағы кіріс пен шығысты есепке алады.
5.7. Мекеменің кәсіпкерлікпен айналысу кезіндегі салық төлемі ҚР салық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5.8. Мекеменің кәсіпкерлікпен айналысу арқылы тапқан пайдасы мекеме қатысушыларының арасында бөлінбейді де, жарғы мақсаттарына бағытталады.
6. Мекеменің құқығы.
6.1. Мекеменің:
6.1.1. Мекеменің мақсаты мен мәніне қайшы келмейтін шарттарды Қазақстандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасауға;
6.1.2. Өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға;
6.1.3. Парламентте, Үкіметте, сотта және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарында, мекемелерінде және ұйымдарында өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
6.1.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Жарғыға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүргізуге құқығы бар.
 
7. Мекеменің міндеттіліктері.
7.1. Мекеме:
7.1.1. Мекемеге бекітілген мүліктің сақталуын, тиімділігін және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
7.1.2. Еңбекті қорғаудың, санитарлық-гигиеналық нормалардың және өрт қауіпсіздігі талаптарының белгіленген ережелерін сақтауға;
7.1.3. Республикалық жоғары оқу орындары электрондық кітапханасының қорларына пайдаланушылардың кедергісіз қашықтықтан қолжетімділігін қамтамасыз етуге; 
7.1.4. Оқу басылымдарын электрондық нысанда дайындауды жүзеге асыруға;
7.1.5. Мекеменің қорларына түсетін және қорларынан шығатын барлық электрондық материалдардың есебін жүргізуге міндетті.
 
8.  Мекеменің басқару органдарының құрылымы, құрылу тәртібі және құзыреті.
8.1. Мекеменің басқару және бақылау органдары:
8.1.1. Жоғарғы орган – Құрылтайшы.
8.1.2. Атқару органы – Директор.
8.1.3. Бақылау органы – Бақылау комиссиясы (ревизор).
8.1.4. Мекеменің ерекше компетенцияларына мыналар жатады:
  1. мекеменің құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге шешім қабылдау;
  2. мекеменің ерікті қайта құрылуы мен мекемені жоюға қатысты шешім қабылдау;
  3. мекеменің компетенциялары мен ұйымдастыру құрылымын басқару органдарының құрылу тәртібін және олардың өкілеттілігін жоюды анықтау;
  4. атқарушы органның қаржылық есеп беру мерзімін анықтау, сонымен қатар бақылау органдарының тексеріс жүргізу тәртібін анықтау және  оның нәтижесін бекіту;
  5. басқа да заңды тұлғаларды, сонымен қатар өз бөлімшелері мен өкілдіктерін құруға Мекеменің  қатысуы туралы шешім қабылдау;
  6. мекеменің жарғысын бекіту және оған өзгерістер енгізу;
  7. мекеменің директорымен еңбек келісімшартын жасасу немесе шартты бұзу;
  8. құрылтайшының Мекемеге бекітіп берген немесе Мекеменің құрылтайшының мүлік алуға бөлген қаражатына алынған жылжымайтын мүлкінің тізімін, электрондық қорды қоса бекітеді.  
  9. мекемеден бөлінген қаржыға алынған, мекеме атына тиесілі қозғалыссыз мүліктің тізімін бекіту;
  10. қызығушылық тудырған Мекеменің қатысуымен атқарылған істі қолдау жөнінде шешім қабылдау.
  11. мекеменің іс-әрекетінің негізгі түрлеріне жататын қызметтері үшін жеке және заңды тұлғаларға төлем жасаудың тәртібін белгілеу;
  12. мекеменің іс-әрекеттерін бақылауды жүргізу;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы жарғыға сай мекеменің басқа да қызметтері мен өкілеттілігін жүргізу.
 
9. Мекеменің қызметін басқару.
9.1. Мекеме қызметіне жалпы басшылық жасауды Құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын директор жүзеге асырады.
9.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Құрылтайшы директормен еңбек шартын жасайды және бұзады.
9.3. Директор Мекеменің жеке дара басшысы болып табылады, оған жүктелген функциялардың орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болады және Құрылтайшыға есеп береді.
9.4. Директор:
9.4.1. Құрылтайшы Директорды 5 жыл мерзімге тағайындайды.
9.4.2. Директордың құзыретіне Мекеменің ағымдағы қызметінің барлық мәселелері жатады.
9.4.3. Мекеменің Директоры:
а) осы Жарғымен көзделген өкілеттіктер шеңберінде Мекеменің қызметін жалпы және жедел басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ, Мекеменің күн сайынғы қызметі үшін жауапкершілікте болады;
б) Мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және оның мүдделерін қорғайды;
в) оған берілген құқықтар шегінде Мекеменің мүлкіне иелік етеді, банктерде есептік және басқа да шоттарды ашады;
г) келісімшарттарды, оның ішінде, еңбек шарттарын жасайды, сенімхаттар береді, бұйрықтар шығарады, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мекеменің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқамалар береді;
д) бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады;
е) құрылтайшымен келіскеннен кейін Мекеме қызметкерлерінің штаттық кестесін, еңбекақы төлеу және сыйақы беру жүйесін, өкілдік шығыстар, іссапарға жіберу туралы ережелерді және Мекеменің қызметіне қатысты басқа да ішкі құжаттарды бекітеді;
ж) Мекеменің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
з) Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитін жыл сайын ұйымдастырады.
 
10. Тексеру комиссиясы
10.1. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін басқарма сайлаған кемінде 3 адамнан құрылған  мекемедегі тексеру комиссиясы бақылайды. Атқарушы органның қызметкері тексеруші комиссияның құрамына  кіре алмайды.
10.2.  Тексеру комиссиясы өз төрағасын ашық дауыс беру арқылы дербес таңдай алады және уақыт тәртібі мен тексеру тәсілін (жоспар) таңдайды. Ол кез келген мезгілде өз қалауынша немесе басқарма тапсырысы бойынша мекеме мүлкіне, атқарылған жұмысқа,  сәйкесінше шығындарға тексеріс жүргізе алады.
10.3. Тексерілушілер тексеру комиссиясы жұмысына қажетті жәрдемді көрсетуге міндетті.
10.4. Мекеменің жылдық отырысына 20 күн қалғанда тексеру комиссиясы Құрылтайшылардың жалпы жиналысында жылдық тексерудің нәтижесін тапсырады.
10.5. Тексеру комиссиясы Мекеме лауазымды қызметкерлерінен қажетті құжаттар мен жекелей түсініктемелер алуға құқылы.
 
11. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
11.1. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшының шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
11.2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар оларды бекіту күнінен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
 
12. Мекемені қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату талаптары.
12.1. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген тәртіппен Мекеменің Құрылтайшысының шешімі бойынша қайта ұйымдастырылуы мүмкін.
12.2. Мекемені қайта ұйымдастыру бірігу, қосылу, бөлу, бөліну, қайта ұйымдастыру түрінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да түрлерде жүргізілуі мүмкін.
12.3. Мекеме қайта туындаған ұйымды мелекеттік тіркеу сәтінен бастап қосылу түрінде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастырылған деп саналады. Оған басқа ұйымды қосу түрінде Мекемені қайта ұйымдастыру кезінде Мекеме қосылған ұйымның қызметін тоқтату туралы жазбаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізу сәтінен бастап қайта ұйымдастырылған деп саналады.
12.4. Мекеме Құрылтайшының шешімі бойынша өз еркімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген негізде және тәртіппен күштеп (соттың шешімі бойынша) таратылуы мүмкін.
12.5. Мекемені тарату туралы шешім қабылдау кезінде Құрылтайшы тарату комиссиясын тағайындайды және тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді. Тарату комиссиясын тағайындау сәтінен бастап оған Мекеменің мүлігі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді және Алматы қ. Әділет департментіне бұл туралы тез арада жазбаша хабарланады.
12.6. Тарату комиссиясы Мекемені тарату туралы, заңнама талаптарына сәйкес оның кредиторларының талап-арыздар өтініштерінің тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты жариялайды. Талап-арыздар өтініштерінің мерзімі Мекемені тарату туралы жариялау сәтінен бастап екі айдан кем болуы мүмкін емес.Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және берешекті алу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ, Мекемені тарату туралы кредиторларды жазбаша хабарландырады.
12.7. Тарату комиссиясы кредиторлардың талап-арыздарды қоюы үшін мерзімнің аяқталуынан кейін Құрылтайшы мүлігінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талап-арыздар тізбесі туралы, сондай-ақ, оларды қарастыру нәтижелері туралы мәліметтерден тұратын аралық тарату теңгермесін жасайды. Аралық тарату теңгеремісін Құрылтайшы бекітеді.
12.8. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне бұл туралы мәліметтерді енгізуден кейін заңды тұлғаны тарату аяқталған, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатқан деп саналады.
 
13. Мекемені тарату жағдайында мүлікті пайдалану тәртібі.
11.1. Кредиторлармен есеп айырысққан кейін Мекемеде қалған мүлікті Құрылтайшының таратуы мүмкін емес, Мекеменің мақсатына жіберіледі.
 
14. Қорытынды ережелер.
14.1. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруімен байланысты осы Жарғының қандай да бір ережелері жарамсыз болатын болса, онда бұл оның қалған ережелерінің заңды күшін қозғамайды. Жарамсыз ережелер басқа, мағынасы бойынша жақын және құқықтық қатынастағы рұқсат етілетін ережемен ауыстырылады.

 
Директор                                Ш.К. Әлмұхамбетова
 
 
... ... ... ... ... ... ...

© 2014-2017. РМЭБ. Все права защищены.